Ирандағы үш елдің дипломаттары Әзербайжанға эвакуацияланды

Фото: АЗЕРТАДЖ

АСТАНА. KAZINFORM — Ирандағы Хорватия, Испания мен Бразилия елшіліктерінің және дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері «Астара» мемлекеттік шекара бекеті арқылы Әзербайжанға эвакуацияланды. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазды.

Эвакуация процесі тиісті процедураларға сәйкес жүргізіліп, үш елдің елшілігіндегі барлығы 30 адамның Әзербайжан Республикасына өтуіне рұқсат етілді.

Тіркеу рәсімдерінен кейін эвакуацияланғандар белгіленген жерлерге аман-есен жеткізілген.

Қазіргі таңда «Астара» мемлекеттік шекара бекетінде эвакуациялау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын кері қайтарады.