Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Мохтар Салахшур мен Хормозган провинциясы губернаторының орынбасары Ахмад Нафиси мәлімдеді.
Олардың айтуынша, құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Иран аумағындағы нысандарға бірнеше соққы жасалғанын хабарлады. Иранның Press TV телеарнасының мәліметінше, елдің оңтүстік жағалауында, соның ішінде Кешм аралында және бірнеше қалада жарылыстар естілген.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Ирандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) нысандарына шабуыл басталғанын мәлімдеген еді.