Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.
Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзала Бушер қаласынан 100 шақырымнан да аз қашықтықта орын алған.
Аз уақыттан кейін магнитудасы 5,4 болатын қайта дүмпу сезілген.
Мамандардың айтуынша, АЭС 9 балдық жер сілкінісіне шыдай алады, сондықтан осы күшті жер сілкінісі оның жұмысына ешқандай әсер ете қойған жоқ .
Алайда, АЭС-та ешқандай ақау орын алмағанына қарамастан, Иранның мемлекеттік телевидениесінің хабарлауынша төтенше жағдай салдарынан 3 адам қаза болған.