Ирандағы көлік апаты: 11 мигрант қаза тапты, 49-ы жарақаттанды

ТЕГЕРАН. IRNA-ҚазАқпарат - Иранның оңтүстік -шығысындағы Систан мен Белужистан провинциясында болған апаттан кем дегенде 11 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға дүйсенбіде Хаш пен Сараван елді мекендері арасындағы тасжолда болды, екі көлік аударылып кеткен. Құрбан болғандар мен қаза тапқандардың барлығы Иранның орталық аймақтарына бармақшы болған заңсыз мигранттар екені айтылады. Апатқа ұшырағандардың азаматтығы көрсетілмеген.

Систан мен Белуджистан провинциясы Пәкістан және Ауғанстанмен шектеседі. Ауғанстандық мигранттардың едәуір бөлігі Иранға осы аймақ арқылы кіреді.