Reuters агентігі таратқан мәліметтерге қарағанда, лаңкестер Иран азаматтары болған.
Еске салсақ, 7 маусымда төрт лаңкес ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни мавзолейінің ғимаратында атыс ұйымдастырды. Олардың бірі ғимарат ішінде жарылыс жасады. Тағы белгісіз үш адам парламентте оқ атып, оның салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды. БАҚ деректеріне сәйкес лаңкес жанкешті белдігін іске қосқан. ДАИШ лаңкестік тобы жауапкершілікті өз мойындарына алды.