Ирандағы президенттік сайлау: Роухани алда келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирандағы президенттік сайлауда 40 миллион дауыстың 37 миллионының қорытындысы бойынша 21,6 миллион дауыс жинаған елдің қазіргі президенті Хасан Роухани алда келеді. Аятолла Ибрахим Раиси14 миллион дауыспен - екінші орында.

Елдің 56 миллион азаматы дауыс беру құқығына ие. Сайлауға төрт кандидат: қазіргі президент Хасан Роухани, аятолла Ибрахим Раиси, бұрынғы вице-президент Мостафа Хашеми-Таба және консерваторлар өкілі в Мостафа Ага-Мирсалим қатысуда.