Мәскеу уақыты бойынша таңғы 7 шамасында 3 миллионға жуық дауыс саналған. Олардың 49,8 пайызы Х. Руханидің пайдасында. Тегеранның мэрі Багер Калибаф дауыстың 16 пайызын жинап, екінші сатыға жайғасқан. Ал ядролық бағдарлама бойынша бас келіссөз жүргізуші Саид Джалили 13 пайыздық көрсеткішпен үштікті қорытындылаған.
Бұған дейін бірнеше ақпарат көздері оның ішінде аятолла Хомейнидің немересі мен президенттікке үміткер Багер Калибафтің штабындағы ақпарат көзі Х. Руханидің нәтижесі сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетуге мүмкіндік беретінін мәлімдеген.
Сайлаудың алғашқы нәтижелерін жарияламас бұрын әрі реформистік көзқарасты қолдайтын Sahan News ирандық агенттігі тәртіп сақшылары Х. Руханидің штаб-пәтерінде тінту жүргізгенін хабарлады.
Науқан барысында дауыс берушілердің жоғары белсенділігіне байланысты сайлау учаскелерінің жұмыс уақыты ұзартылған.