Сенбі күні Али Хосейн Хосейнзаде әскери шеруге қатысқан провинция билігі зардап шекпегенін мәлім етті.
Оның айтуынша, Ислам революциясы Күзет корпусының әскери қызметкерлерін, армиялары мен бейбіт адамдарды қосқанда кем дегенде 20 адам жарақат алған.
Сенбі күні таңертең белгісіз біреулер Иранның Ахваз қаласындағы шеру кезінде адамдарға оқ жаудырған. Хузестан провинциясының губернаторы мәлім еткендей, шабуыл жасаушылар саны төртеу болған. Екеуінің көзі жойылып, қалғандары ұсталды.
Әзірге лаңкестік топтардың ешқайсысы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойындарына алған жоқ.
Әскери шерулер бүгін Иранның әртүрлі қалаларында, сондай-ақ, Тегеранда өтіп жатыр.
17:42, 22 Қыркүйек 2018
Ирандағы теракт кезінде 10 адам мерт болды
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранның Ахваз қаласында өткен әскери шеруде 10 адам лаңкестік әрекеттің құрбаны болды, деп хабарлайды IRNA агенттігі Хузестан провинциясы губернаторының орынбасарына сілтеме жасап.