Ирандағы ұшақ апатынан 9 адам тірі қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Иран астанасы Тегерандағы ұшақ апатынан 9 адам тірі қалды, деп хабарлайды Росбалт IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігі таратқан мәліметте ұшақта болған 9 адам тірі қалғаны айтылғанымен олардың жағдайы туралы баяндалмаған.

Бұған дейінгі таратылған БАҚ хабарларында оқиғадан 40 адам қаза тапқаны, оның 7-еуі бала екені айтылған болатын.

Sepahan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Ан-140 ұшағы Табес қаласына бағыт алған. Ұшақ Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында, ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң жерге құлады. Болжам бойынша, ақау ұшақ моторынан шыққан болуы мүмкін.