Ирандағы жер сілкінісі құрбандарының саны 7 адамға жетті, жүздеген адам жарақаттанған

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы деректер бойынша Иранның оңтүстік-шығысындағы қатты жер сілкінісі құрбандарының саны кем дегенде жеті адамға жеті, жүздеген адам жарақаттанған, деп хабарлайды сейсенбі күні жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасаған Рейтер агенттігі.

Бұл туралы жаңалық РИА Жаңалықтар агенттігінде жарияланған.
Ирандық сейсмологтардың мәліметтеріне жүгінсек, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 22.12-де болған, жер сілкінісінің эпицентрі Хосейнабад елді мекенінің жанындағы Керман провинциясыда орналасқан.
«Жеті адам қаза тапты және жүздеген адам жарақат алған. Тағы жүздеген адам үйінді астында қалды», - делінеді агенттікте жарияланған Керман провинциясының губернаторы Исмаил Наджараның сөзінде.
Мемелкеттік телеарналардың ақпараты бойынша, табиғат апаты көптеген үйлері саз балшықтан салынған кем дегенде үш елді мекенді қиратып кеткен.
IRNA агенттігінің жазуынша, аймақтағы телефон байланысы толықтай істен шыққан, апат болған жерлердегі құтқарушылар бір-бірімен алып жүруге ыңғайлы радиостансылар арқылы тілдесіп отыр.
Иран жер шарында ең қауіпті сейсмологиялық апатты аудандардың ондығына кіреді, бұл елде әр он жыл сайын 7.0 балдық жер сілкінісі болып отырады. 2003 жылдың желтоқсанында Керман провинциясында орналасқан Бам қаласындағы 6,3 балдық жер сілкінісі 31 мыңнан астам адамның өмірін алып кетсе, 42 мыңға жуық халық жарақат алған еді. Ескі Бам қаласы және белгілі бекініс толықтай дерлік қираған, апат салдарын әл күнге дейін қалпына келтіру мүмкін болмай отыр.