Ирандағы жер сілкінісінен 50-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Иранның батысындағы Керманшах провинциясында магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісінен сардап шеккендер саны 51 адамға жетті, деп хабарлайды IRNA агенттігі жергілікті әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.

Магнитудасы  5,1-ге тең жер сілкінісі кеше, сенбіде күндіз  Иранның батысындағы Сере-Поле-Захаб қаласында болған.

Зілзала кіндігі 8 км тереңдікте орналасқан. Жер асты дүмпулері көршілес - Гасре-Ширин, Гилан-э-Гарб, Далаху, Исламабад-Абад-Гарб қалаларында сезілді.
Дағдарыс орталығы қызметінің басшысы  Реза Махмудианның агенттікке мәлімдеуінше, зілзала салдарынан Касре-Ширин қаласында  41 адам, Гилан-э-Герб қаласында тағы тоғыз адам зардап шеккен.