Иранның метеорологиялық ұйымы мәлімдегендей, биыл жауын-шашынның орташа деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға кеміген. Бұл да елдің экологтарын алаңдатып отыр. Көп ұзамай сегіз миллион тұрғыны бар Тегеран қаласында су тапшылығы орын алуы мүмкін.
Ирандағы ауа температурасына қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, 90 жыл бойы жауын-шашын әдеттегіден аз түсіп, жерасты суы тартылады. Аңызақ ыстық орнайды.