Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы ҚР Индустрия және индустриалдық министрлігі Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан Республикасында шетелдік тасымалдаушы аккредитациясынан өтуге өтініш берді.
«Pouya Air» авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер жиілігі аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен жүргізіледі. Рейстерді ашу алдағы уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ақтау қаласының әуежайына келіп-кететін жолаушылар ағынын арттырады», - деді Азаматтық авиация комитетінен.