Ирандық спортшы ауыр салмақтағы әлемнің ең үздік каратэшісі атанды

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Ирандық каратэші Саджад Ганджзаде ауыр салмақта әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) рейтингіне сәйкес, Ганджзаде 84 келіден жоғары ауыр салмақта әлемдегі ең үздік каратэші болды. Ол 1917 жылы да осы атақты иемденген болатын.

Сондай-ақ, Иранның 75 келі салмақтағы өзге каратэшісі Бахман Асгари және 84 салмақтағы Забиолла Пуршиб Мадридтегі жарыста бағын сынайды.

Иран құрамасы каратеден алдағы сейсенбі күні Испаниядағы Karate-1 2019 турнирінің жетінші кезеңіне қатысады.