Ирандықтарға Сауд Арабстанына қажылыққа баруға тыйым салынды

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат -   Ирандықтарға  Сауд  Арабстанына  қажылыққа  баруға тыйым салынды.  Иран үкіметі     ел азаматтарына қасиетті Рамазан  айы  кезінде Сауд  Арабстанына    қажылық  жасауға  тыйым  салды.  Оған    «доңыз тұмауының» таралуы  себеп  болып  отыр,

деп  хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.

Естеріңізге сала кетейік,  Рамазан  айы  тамыз  айының 21-інде  басталады.