Осыған орай, қазіргі таңда Иран елінің нарығына мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері елімізден 118,4 тонна тірі қой, 132,2 тонна қой еті осы мемлекетке экспортталып отыр. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» ЖШС мен Иран компаниялары арасында жасалған келісімшарт аясында жыл соңына дейін осы елге 200 тонна қой етін жеткізу жоспарланған.
Жыл басынан Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне 80 тонна қой еті экспортталды.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстар екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауымен жүзеге асып отыр.