«2014-2015 жылдарға Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Бүгінде 4,7 млн. тонна жөнелтілді, яғни бұл астық көлемі дәстүрлі бағыттарда экспортталды»,-деді министрдің орынбасары.
Атап айтқанда, бидай Орталық Азия, Әзербайжан, Иран, Ауғанстан, Қытай елдеріне жіберілді.
Сонымен қатар, аталған мерзімде, 1,1 млн. тонна көлемінде ұн экспортталды.
«Таяу Шығыс бағытындағы перспективаға тоқталатын болсақ, негізінен біздің астықты Иран жағы тасымалдайды. Осы орайда аталған елге дейінгі темір жолдың құрылысына байланысты биыл экспорт көлемі екі есеге артады деп күтеміз»,-деді С. Омаров.