ТАСС-тың хабарлауынша, сонымен қатар Трамп 2027 жылдың қаңтар айының басында АҚШ Конгресіндегі бақылау Демократиялық партияға өткен жағдайда Иранға қарсы әскери әрекеттерді жалғастыру мүмкіндігі шектелуі мүмкін екенін мойындады.
Америка президентінің айтуынша, АҚШ Иранмен текетіресте жеңіске жетіп келеді. Алайда ол демократтар қақтығысты мерзімінен бұрын тоқтатуға қол жеткізіп, соғыстың нәтижесін өзгертуі мүмкін деп қауіптенеді.
— Егер демократтар бұған қол жеткізсе, олар АҚШ-тың жеңісін жеңіліске айналдырады, — деді Трамп.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Сенатының Иранмен соғысты тоқтату туралы бастаманы қолдамағанын хабарлағанбыз.