Вице-министр атап көрсеткендей, осыдан екі жыл бұрын Арселор Миталлда өндірілген үш миллион тонна болаттың бір миллионы Иранға жөнелтілетін. «Айтпақшы, жалғыз осы кәсіпорыннан ғана емес... Иранға қатысты енгізілген халықаралық санкциялар біздің экпортымызға кері әсерін тигізді. Осы орайда бізге ғана емес, бізге жақын жатқан көршілердің экспортына да тыйым салынғанын ескеру керек. Сол себепті Кедендік одақ, жалпы ТМД аумағы бойынша қара металлургия нарығы біршама қысқарды», - деп атап көрсетті А.Рау.
18:12, 04 Маусым 2013
Иранға салынған халықаралық санкциялар Қазақстанның қара металлургиясына кері әсер етті - вице-министр А.Рау
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстандағы қара металлургияның өндіріс көлемі өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді. Оған, көп жағдайда, Иранға қатысты енгізілген халықаралық санкциялар әсер етті. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осы мәселені ерекше атап өтті.