Иранға Таяу Шығыстағы жаңа қауіпсіздік одағына қосылу ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Иранға Мекке пактіне қосылу туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Kazinform ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фото: x.com / @EnglishFars

Бұл туралы Иран Мәжілісінің (парламентінің) ақпарат агенттігі басшысы Мехди Рахими Al Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Иран ұзақ уақыттан бері ұмтылып келген «аймақтық қауіпсіздік қолшатырының» құрылуы Ислам Республикасының жеңісі болар еді.

Бұған дейін Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс туралы келісімге қол қойған. Үш ел ортақ қауіпсіздікті нығайтуға, әскери ынтымақтастықты дамытуға және тараптардың біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда бірлескен іс-қимылды үйлестіруге уағдаласты.

7 тамызда Меккеде Сауд Арабиясы, Пәкістан және Түркия арасында жасалған қорғаныс келісімі Таяу Шығыстағы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасы қалыптасып келе жатқанының бір белгісі болуы мүмкін. АҚШ пен Иран арасындағы соғыс және Вашингтонның аймақтағы болашақ рөліне қатысты белгісіздік жағдайында өңір елдері өз қауіпсіздігінің қосымша кепілдіктерін іздей бастады.

Еске салайық, бұған дейін Иран Ирактың мұнай танкерлеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергенін хабарлаған едік.