Иранға тоқтатылған активтерді беру мерзімдері белгіленді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Иранға оның бұған дейін тоқтатылған 4,2 млрд. доллар активтерін берудің 550 миллион доллар көлеміндегі алғашқы траншы 1 ақпанда немесе келесі күнге қараған түні беріледі, деп хабарлады Рейтер АҚШ үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 2013 жылғы 24 қарашада Женевадағы Иран мен халықаралық араағайындар «алтылығы» арасындағы қол жеткізілген уағдаластық бойынша келісім шарттарына сәйкес оны орындау 20 қаңтарда басталмақ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің айтуынша, Тегеран ядролық бағдарламасын тоқтатуға айырбас ретінде 4,2 миллиард доллар активтерін өз ядролық бағдарламасын тоқтатуына қарай траншпен алатын болады. Агенттік ақпаратына қарағанда, ирандық тоқтатылған активтерді босату 1 ақпанда басталады. Егер бұл күн сенбіге тура келсе, транш дүйсенбі жіберіледі. Ал келесі транш 1 наурызда беріледі, оның мөлшері - 450 миллион доллар. Одан әрі төлемдер 2014 жылғы 7 наурызда, 10 және 15 сәуірде, 14 мамырда, 17 маусымда және 20 шілдеде жүргізіледі, деп хабарлады Рейтер.