Иранға жасалған шабуылдардан шамамен 800 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдарынан кем дегенде 787 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Фото: Report.az

Аталған ұйым бұл сандар «арнайы топтардың далалық есептеріне» негізделгенін хабарлайды.

– Иранның 300-ден астам аймағының 153-індегі 504 нысанға шабуыл жасалды. 3 600-ден астам фельдшер іздеу-құтқару және эвакуациялау операцияларына қатысып, жараланғандарға медициналық көмек көрсетті, - делінген Қызыл Жарты Ай ұйымының мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) «Эпикалық қаһар» операциясының алғашқы 24 сағатында Иранның 1 000-нан астам нысаны жойылғанын хабарлаған болатын. 

Сондай-ақ сенбі күні Иранға жасалған шабуылдарда 201 адамның қаза тапты