Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Хаменеи 4 шілдеде жерленеді

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі 4 шілдеде Тегеран қаласында басталады. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап, Анадолы агенттігі жазды.

Фото: Анадолы

Мәліметке сәйкес, 4–5 шілде күндері Тегерандағы Имам Хомейни атындағы орталық мешітте алғашқы қоштасу рәсімі өтеді.

Жерлеу шеруі 6 шілдеде ел астанасында ұйымдастырылса, келесі күні шииттер үшін қасиетті саналатын Құм қаласында жалғасады.

Жерлеу рәсімі 9 шілдеде Хаменеидің туған қаласы — Мешхедте аяқталып, сонда жер қойнына тапсырылады.

Мәтінде келтірілген ақпаратқа сәйкес, Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан қаза болған.

Еске сала кетейік, Трамп Иранның жоғары жетекшісі Әли Хаменейдің қаза тапқанын 1 наурызда хабарлаған болатын. Көп ұзамай Иран билігі бұл ақпаратты растаған еді.