АСТАНА. KAZINFORM — 2 наурызда Иран парламенті экономика және қаржы министрі Абдолнасер Хемматиге импичмент жариялау мәселесін талқылауға шығарды, деп хабарлайды IRNA агенттігі.
IRNA агенттігінің дерегінше, дауыс беру кезінде депутаттар министрге сенімсіздік танытты - мандат иелерінің 182-сі оны қызметінен босатуға дауыс берді, 89-ы қарсы дауыс берді, 1 дауыс жарамсыз деп танылды.
Бұған дейін Аргентина президентіне криптовалюта төңірегіндегі жанжалға байланысты импичмент жарияланып жатқаны хабарланған болатын.
Еске салайық, Юн Сок Юлға импичмент жариялау ісі бойынша соңғы тыңдау Оңтүстік Кореяда өтті.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.