— Иран — аймақтық тұрақсыздық пен лаңкестіктің негізгі көзі. Біз Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайтынын дәйекті түрде мәлімдейміз. Біз Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарын, соның ішінде Газадағы атысты тоқтатуды кеңейту үшін ирандық дағдарысты шешуге шақырамыз, — делінген АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада және Жапония, сондай-ақ Еуроодақ басшылары жариялаған мәлімдемеде.
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты G7 саммитінен ерте кетіп қалған соң жасалды.