Иранның Ислам революциясы сақшылар корусының бас барлаушысы қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Иран астанасына жасалған шабуылда елдің қауіпсіздік күштерінің маңызды мүшесі қаза тапты.

Фото: Khamenei.ir

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми дүйсенбі күні кешкі шабуыл кезінде қаза тапты. Бұл туралы Иранның Fars News агенттігі IRGC мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Иранның мәліметінше, Хадеми «америкалық-сионистік жаудың террористік шабуылында» қаза тапты.

Израиль қорғаныс күштері Хадемидің, сондай-ақ Сардар Багери деген лақап атпен танымал ИРСК-тің тағы бір жоғары лауазымды офицері Яздан Мирдің өлтірілгенін растады.

Израиль әскерилерінің мәліметінше, ол Ираннан тыс операцияларға қатысатын 840-шы бөлімшені басқарған.

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац шабуыл нәтижесі туралы ақпарат алғанын және Израильдің Иран басшылығына қарсы нысаналы операцияларды жалғастыратынын атап өтті.

Маджид Хадеми оннан астам жылдар бойы барлау және қарсы барлау саласында маңызды лауазымдарды атқарды, соның ішінде Ислам революциясы сақшыларының барлауды қорғау ұйымын басқарды, Иран қорғаныс министрлігінде қызмет етті.

Мәлімдемелерінде Иран әскери шенеуніктері АҚШ пен Израильді шабуылға жауапты деп айыптап, Хадемидің өлімі жауапсыз қалмайтынын атап өтті.

Осыған дейін Иран АҚШ пен Израиль нысандарына жаңа соққылар жасағанын мәлімдеген болатын.