Иранның Израильге жасаған шабуылынан кейін мұнай бағасы өсті
09:38, 15 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Сарапшылардың сауда деректеріне сәйкес, Иранның Израильге жасаған шабуылынан кейін әлемдік мұнай бағасы 0,3-0,4% көтерілген.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы 0,357% өскен. Сөйтіп бір баррелі 90,48 долларға жетті.
Ал WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,28%-ға, яғни, 85,69 долларға дейін көтерілген.
Айта кетейік, Израиль сыртқы істер министрлігі Иранның шабуылына қатысты пікір білдірген болатын.