Иранның оңтүстігіндегі портта болған жарылыстан мерт болғандар саны 8-ге жетті

Фото: Фото: Baku TV

АСТАНА. KAZINFORM – Иранның оңтүстігіндегі Шахид-Раджаи портында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 750-ге жетті, 8 адам мерт болған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ислам мелекетінің ішкі істер министрі Эскандар Момени мәлім етті, деп жазады рсейлік ТАСС.

- Қазір басты мақсат - зардап шеккендерді құтқарып, өртті сөндіру. Осы кезде 750 адам жарақат алып, 8 адам қаза болды, - деді ол IRIB телеарнасының эфирінде.

- Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Алдағы бінеше сағатта жағдай толықтай бақылауда болады деген үміттеміз,-деді ол.

Қуатты жарылыс сенбі күні таңда Парсы шығанағы жағалауында, Иранның Бендер-Аббас қаласы маңында болды. Оқиға орнына елдің Ішкі істер министрі Эскандар Момени келді. Жарылыстың ресми себебі әзірге белгісіз.

Осыған дейін Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асқанын жаздық.

Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Иранның жарылыс болған портының Қазақстан үшін маңызы қандай ?