- Қазір басты мақсат - зардап шеккендерді құтқарып, өртті сөндіру. Осы кезде 750 адам жарақат алып, 8 адам қаза болды, - деді ол IRIB телеарнасының эфирінде.
- Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Алдағы бінеше сағатта жағдай толықтай бақылауда болады деген үміттеміз,-деді ол.
Қуатты жарылыс сенбі күні таңда Парсы шығанағы жағалауында, Иранның Бендер-Аббас қаласы маңында болды. Оқиға орнына елдің Ішкі істер министрі Эскандар Момени келді. Жарылыстың ресми себебі әзірге белгісіз.
Осыған дейін Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асқанын жаздық.
Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Иранның жарылыс болған портының Қазақстан үшін маңызы қандай ?