Иранның Ахваз қаласы әлемдегі ауасы «лас» қала атанды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Иранның, Моңғолияның, Үндістанның және Пәкістанның қалалары ауасы құрамында нормадағыдан жүз есе көп шаң түтеген ең лас қалалар болып танылды,

деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің зерттеулерінің қорытындылары бойынша.

Әлемнің 91 елінің мыңнан астам қалаларындағы ауаның тазалығын бағалау ауаға қосылған шаңның құрамы туралы ресми мәліметтер негізіне сүйеніп анықталды. Тексерілген заттардағы бөлшектердің РМ10 және РМ2,5 зерттеулерінің диаметрі есепке алынды. Әдетте РМ10 бөлшектер диаметрі 10 микрометрге тең болады.

ДСҰ рейтингісіне сәйкес әлемнің ең лас қаласы атауында Иранның батысындағы Ахваз танылды. Мұнда бір текше метр РМ10 бөлшекте 372 микрограмм ластау көрсеткіші анықталған. Бұдан кейінгі орында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласы тұр. Ауа жағдайы төмен қалалардың үштігін тағы бір ирандық қала - Сенендедж тұйықтайды. Бұл орайда ресейлік Мәскеу - 319 орында. Ал ең таза қала канадалық Уайтхорс болып шықты.

«Қалалардың ауасының ластануы туралы жарияланған мәліметтер тиісті шаралар қабылдау қажеттігін тудырған аймақтарды көрсетіп отыр», - деді ДСҰ-ның Еуропалық орталығының басшысы Михаил Кржижановский.