Иранның әскери инженерлері «ұшатын тарелка» жасап шығарды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Ирандық әскери инженерлер Тегранда өткен стратегиялық технологиялардың көрмесінде «ұшатын тарелка» түрінде жасалған және пилотсыз ұшатын жаңа ұшу аппаратын таныстырды.

Бұл туралы Fars ақпарат агенттігіне сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлады.

Zohal ("Сатурн") деп аталатын аппараттың таныстырылымы аятолла Әли Хаменеидің қатысумен өтті.

Көппрофильді жаңа аппараттың аэрофототүсіру мүмкіндігі қоса бар. Ол GPS жүйесімен және сапалы сурет түсіру және оны жөнелтудің екі дербес жүйесімен жарақталған.