Иранның бірінші ханымы Римдегі форумда сөз сөйледі

АСТАНА.  Қарашаның 16-сы.  ҚазАқпарат -  Иранның  бірінші  ханымы      аштықпен күрес мәселелеріне    арналған БҰҰ саммитінің   алдында  өткен  Римдегі форумда бұқараның алдында алғаш рет сөз сөйледі,

деп  хабарлайды Associated Press.

 Иран   Президенті Махмұд  Ахмадинежадтың  зайыбы  Азам Әл-Садат  Фарахи ханым     әлемның бірінші  ханымдарының форумына қарашаның 14-не   келген  болатын.     Ханым   Мысыр      басшысы  Хосни  Мүбарактың зайыбы    Сюзанна Мүбарак  жетекшілік  еткен  форум  туралы әңгімелеп берді.

 Әлемдегі  аштық проблемасына арналған  саммит    бүгін,  қарашаның  16-да басталады.    Ол  Римде,  БҰҰ-ның Азық-түлік және  ауыл шаруашылығы  ұйымының  штаб-пәтерінде  өтеді.

 Ашаршылықтан    зардап шегіп отырған  1 миллиардтан  астам  адамның   проблемаларына әлем жұртшылығының  назарын  аудару  үшін  БҰҰ  Бас хатшысы Пан  Ги Мун   24 сағат бойы ашығу  туралы шешім қабылдағанын  «Азаттық»  радиосы   хабарлаған болатын.

 БҰҰ   өкілінің   хабарлауынша,   Пан Ги Мун     жексенбі күні, Римге  бара  жатқан    сапарында  нәр  татпайтын болып еді. Ал дүйсенбі күні  ол    Римде    ашылатын    ашаршылықпен    күрес  проблемаларына арналған  үшкүндік  халықаралық  конференцияға  қатысады.  Римдегі   кездесуді  өткізіп отырған  БҰҰ-ның  Азық-түліктік  және  ауыл шаруашылығы  ұйымының басшысы      Жак Диуф,  Жердің  барлық тұрғындарын     БҰҰ  Бас хатшысына   қосылуға   және    Рим  конференциясының  қарсаңындағы күні  тамақтан бас тартуға     шақырды.