Иранның бұрынғы президенті биылғы президенттік сайлауға қатысатынын жариялады

None
ТЕГРАН. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами, Ислам республикасында биыл өтетін президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынбақ.
65 жастағы Хатами жексенбі күні БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, өз шешімі туралы ресми жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Кезінде реформашыл президент болған Хатами ел басшылығында 1997-2005 жылдар аралығында отырды, одан кейін оның орнына Махмұд Ахмадинежад келді. Ирандағы сайлау маусымның 12-сіне белгіленген.