Иранның бұрынғы президентінің ұлы 15 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеран соты Иранның бұрынғы президенті Әли Акбар Хашеми Рафсанджанидің ұлын 15 жылға түрмеге отырғызуға үкім шығарды, деп хабарлады Би-би-си.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Мехди Рафсанджани ұлтық қауіпсіздікке қарсы, сондай-ақ қаржылық қылмыстарға айыпталып отырғанын хабарлады.

Атап айтқанда, оны 2009 жылғы президенттік сайлаудан кейін тәртіпсіздікті өршітуге айыптады.

Мехди Рафсанджани 2012 жылы Ұлыбританиядан Отанына оралғаннан кейін Иранда тұтқындалған болатын.