Олар - Иранның экологиялық жағдайы асқынып тұрған үш провинциясынан сайланған депутаттар. Айта кету керек, Иранның ең лас қалаларының бірі - Ахваз. Ол - елдің металлургия өндірісінің орталығы. Онда миллионнан астам халық тұрады. 2011 жылы ДДСҰ тарапынан аталған қала әлемнің ең лас атанған.
07:10, 16 Ақпан 2015
Иранның меджилис депутаттары елдегі экологиялық мәселені көтерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран парламентінің бірнеше депутаты отырыс залына бетбүркегіш тағып кірді. Осы әрекетімен олар елдегі ауыр экологиялық жағдайға билік назарын аудармақ, деп жазады ВВС агенттігі.