«Мұнай және газ кондентсаты экспорты қазір күніне екі миллион баррельден асты», деп Shana агенттігі Занганенің сөзін келтірген.
1 наурыздан бастап жеткізілімдер күніне 250 мың баррельге дейін өсті.
Ресей, Сауд Арабиясы, Катар және Венесуэла 16 ақпанда Дохадағы кездесуде мұнайдың әлемдік бағасын қолдау үшін егер басқа өндірушілер бастамаға қосылатын болса, 2016 жылы өндіруді орта есеппен қаңтар деңгейінде ұстап тұруға уағдаласқан болатын. Бұған Эквадор, Алжир, Нигерия, Оман, Кувейт, БАӘ де дайын екенін білдірді.
Иран мұнай өндіру көлемін шектеу мәселесінде басқа елдермен бірігуге елде оны өндіру күніне 4 миллион баррельге жеткеннен кейін ғана қосыла алатынын мәлімдеді.