Иранның мұнай құбырында жарылыс болды

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Иранның негізгі жергілікті мұнай құбырларының бірінде жарылыс болды. Оқиға елдің оңтүстік-батысында орын алды. Апаттың себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Иран БАҚ-тарының ақпараты бойынша, жарылыс орнында 40 метр биіктікке жуық отты бағана пайда болған, өрт жалын шыққан жерден 300 метр қашықтыққа дейін тараған. Оқиға орнында Оңтүстік ұлттық мұнай компаниясының жедел қызмет көрсету мамандары жұмыс істеуде. Дәл қазір тілсіз жау ауыздықталған.

Иран билігі жарылыс себебін ресми тергеуге кірісті.