Иранның мұнай министрі Дохадағы кездесуді оң қадам деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның мұнай министрі Биджан Намдар Зангане 17 сәуірде Дохада өткен кездесу оң қадам болды, деп санайды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, Gazeta.ru хабарлады.

«Дохадағы кездесу жемісті болған жоқ, бірақ та біз оны оң қадам деп санаймыз, өйткені ол ОПЕК мүшелері мен ұйымға кірмейтін елдер арасындағы келіссөздерді бастап берді және ОПЕК-тің ірі мұнай өндіруші елдеріне жағдайды өзгерту үшін бір нәрсе істеу қажеттігін көрсетті», - деп атап өтті Зингане.

ОПЕК елдері (Иранды қоспағанда), сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Оман және Бахрейн қатысқан Катардағы кездесу нәтиже бермеді.