Иранның мұнай министрі: мұнай баррелінің бағасы 60 долларға жетеді

ТЕГРАН. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат – 2009 жылдың ІІІ тоқсанында «қара алтынның» бағасы 60 доллар/баррельге жетеді, деген пікірін білдірді Иранның мұнай министрі Голямхоссейн Нозари,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Журналистердің алдында сөйлеген сөзінде министр, 2009-2010 жылдардағы мұнай бағасына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) «қара алтын» өндірісінің көлемін әрі қарай қысқарту туралы ұстанымы мұнай бағасының динамикасына байланысты болады. Министр Г.Нозаридің пікірінше, мұнайдың тұрақты әлемдік жеткізілімін қамтамасыз ету үшін «қара алтынның» бағасы 75-80 доллар/баррельді құрауы керек. Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 9-ы күнгі сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін ? 2,47 долларға қымбаттап, 54,06 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 2,86 долларға қымбаттап, 52,24 доллар/баррельді құрады.