Тегеран университеті Геофизика институты жанындағы Сейсмология орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жергілікті уақытпен сағат 10:53-те жер сілкінісі орын алған.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Систан және Белуджистан провинцияларына қарасты Безман ауданының Месджид-и Хазрети Абульфазл ауылында болған. Ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.