Иранның туризм бойынша вице-президенті қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран президенті Хасан Рухани өзінің орынбасарларының бірі -вице-президент Мохаммад әл-Наджафидің денсаулығына байланысты қызметінен кеткендігін мәлімдеді,

деп хабарлады Associated Press.

Иран президентінің ресми сайтында Х.Рухани туризм және мәдени мұра бойынша вице-президент М.Наджафидің қызметтен кету туралы өтінішін қабылдады деп жазылған. Сондай-ақ, М.Наджафи президенттің кеңесшісі болғаны хабарланды.

2013 жылы ол жүрек ақаулары салдарынан ауруханада емделген.