Иранның жоғары көшбасшысы: Израильдің Палестина халқына жасап отырғаны - геноцид

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Иранның жоғары көшбасшысы аятолла Али Хаменеи сейсенбіде Газа секторындағы Тель-Авивтің операциясына байланысты Израильдің атына айыптар тақты.

Атап айтқанда, ирандық рухани көшбасшы Израильді «қаңғыбас итке» балады, ол аталмыш мемлекетті Газада нәсілге бөлінушілікке бой ұрды деп айыптады. Бұдан басқа, Али Хаменеи күллі ислам әлемін палестиналықтарды қаруландыруға шақырды.

«Ид аль-Фитр» мұсылман мерекесінде сөз сөйлегенде Али Хаменеи: «Ол бейбіт елге шабуыл жасаған қаңғыбас ит, жыртқыш қасқырмен тең. Адамзат Израильдің теріс әрекетін мойындатуы тиіс. Болып жатқан жағдай, тарихи ауқымдағы сұмдық оқиға», - деді.

«Суы, жарығы жоқ алақандай жерге қамалған адамдарды мұздай қаруланған әскер тегеуріні ұстап отыр. Палестиналықтар бізге үлкен сабақ әкелді», - деді ол.

Еске сала кетейік, үш аптадан бері Израильдің «Мызғымайтын қабырға» операциясынан 1100-ден астам палестиналықтар, 53 израильдіктер қаза тапты.

Бұл ретте аятолла Али Хаменеи Газа секторындағы жанжалдың тоқтағаны туралы әңгімені жоққа шығарды, ол «бұл Құрама Штаттар мен еуропалық мемлекеттер тарапынан Израильді құтқаруға бағытталған тұзақ» деді. Иран көшбасшысының айтуынша, ХАМАС қайта қарулануы тиіс, олай болмаған жағдайда, палестиналық қозғалыс өз-өзін қорғай алмайды.

Али Хаменеидің сөзі Ирандағы халықтың пікірімен палестиндіктерді қолдау жағынан, Израильдің Газа секторындағы әскери әрекеттеріне қарсы сәйкес келді.