ОРАЛ. KAZINFORM - Трансшекаралық Жайық өзеніндегі су деңгейі Ресейдің Орынбор қаласында бір тәулікте 16 сантиметрге төмендеді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, Орынборда 461 (қауіпті шегі — 930 см) сантиметр болса, Елек тұсында 493 ( 15, қауіптісі — 890.см) см-ға жетті.
Жайық өзеніндегі су деңгейі Батыс Қазақстан облысындағы барлық гидробекетте жоғарылап келеді. Соның ішінде Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында 494 ( 15, қауіптісі — 1 мың см), Оралда 336 ( 9, 850), Ақжайық ауданы Мергенде 507 ( 21) сантиметрді көрсетті, — деді Т.Шапанов.
Оның айтуынша, осыған дейін Орынбор облысындағы Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне секундына 60 текше метр су жіберіліп келген еді. Бүгіннен бастап 15 текше метрге дейін азайтылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында Қараөзендегі су деңгейі 7 метрге жуықтағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).