IРho-ның шведтік қатысушысы: Астана - Қазақстанның бренді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық ірі шараларды өткізуге лайықты мемлекет және 2017 жылдағы ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Бұл туралы Астанадағы физикадан 45-ші Халықаралық олипиадаға (IРho) Швецияның атынан келген Коллиувар Кёльсон мәлім етті.

«Қазақстан - керемет ел. Мен осы мемлекет жайында Астанаға келер алдында жақсы білген едім. Сіздердің табиғаттарыңыз тамаша және кеңістік көп. Ең бастысы халықтарыңыз қонақжайлы екен. Сәулеттік жағынан алып қарағанда, Қазақстан астанасы ерекше. Бүгінде елдеріңізде халықаралық ірі шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта ЭКСПО көрмесін өткізетін боласыздар. Сонымен қатар физикадан өтіп жатқан олимпиада да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Атап айтқанда, Қазақстан осындай ірі шараларды өткізуге лайықты мемлекет. Астана Қазақстанның өзіндік брендіне айналды», - дейді шведтік мейман.

Оның пайымынша, елордадағы Халықаралық олимпиадаға қатысушыларға барлық жағдайлар жасалған. Астанадағы IРho жоғары деңгейде ұйымдастырылғандықтан, осы шара барлық қатысушылардың есінде қалатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадағы физикадан Халықаралық олимпиадаға қатысу үшін елордаға әлемнің 80-нен астам елінен делегаттар келген.