Ірі апат Қарағандыдағы ондаған үйді жарықсыз қалдырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Электр желілерінде болған апат салдарынан Қарағандыда көп қабатты ондаған үй таңғы 4-тен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қарағанды жарық» компаниясының апаттық қызметі диспетчерінің сөзіне қарағанда, апат жоғары вольтты стансада болған. «Апаттық бригадалар зақымданған кабельдерді тексеріп жатыр», - дейді диспетчер.

Қанша үйдің жарықсыз қалғанын айтудан бас тартқан диспетчер стансалардың қуаты жариялауға болмайтын қызметтік ақпарат екенін алға тартты.

Қарағандыда апат салдарынан Ерубаев және Әлиханов көшелерінде бағдаршамдар істен шыққан.