деп хабарлайды УТРО.ру.
Бұл астероидтың Жерге соңғы 200 жылдан бері ең жақын келуі көрінеді. Қазір ғалымдар «шақырылмаған қонақты» күтіп алуға дайындық үстінде. Олар астероидты Жерге жақын келген кезінде радармен бақылап, оның құрамы, формасы және орбитасы туралы мәліметтер алмақшы.
Америка ғарыш агенттігінің (NASA) хабарлауынша, дәл осы астероид Жерге айтарлықтай қауіп төндіретін аспан денелерінің бірі екен. Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, 2182 жылы ол Жермен соқтығысу қаупі бар, деп жазады Baq.kz.