Джонс Хопкинс университетінің мамандарының есебінше, қаладағы әрбір оныншы бала тағамға аллергиядан зардап шегеді.
Халқы көп аудандарда өскен балалардың өзгелерге қарағанда жаңғақ пен басқа да тағам түрлерінен ағзалары екі есе көп тітіркенетіні дәлелденген, деп хабарлайды Meddaily. Бұл әсіресе, иммунитеті әлсіз балаларға қатысты.
Ғалымдар 516 баланың алғашқы бес жылдық өмірін зерделеді. Мамандар Балтимор, Бостон, Нью-Йорк, Сент-Луисте тұрған балаларға тән аллергендерді, ас үлесі мен денсаулық жағдайын бағалаған. Осылайша, балалардың 10%-ға жуығында сүт, жұмыртқа немесе жаңғаққа аллергиясы бар екен, ал 55%-ында аталған тағамдарға шамадан тыс сезімталдылық болғаны анықталды.