«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы кестеден озық жүзеге асырылуда - ҚР АШМ

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы кестеден озық жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

«Біз әрбір тармақ бойынша, атап айтқанда фермерлік және шаруа қожалықтарында аналық бас санын арттыру, бордақылау алаңдарында мал орындарын құру мәселелері бойынша кестеден озық келеміз», - деді ол.

2010 жылдан бастап аналық бас сиырларды елге әкелу жобасының жүзеге асыру мерзіміне де кеңінен тоқталған вице-министр алғашқы нәтижелерге қол жеткізу үшін 4 жыл кететіндігін баса айтты. Ал Мемлекет басшысы алға жүктеген ірі қара мал етінің экспорт көлемін жылына 60 мың тоннаға жеткізу үшін 600 мың бас аналық сиыр қажет. Олардан жылына әрқайсысының салмағы 250 келі тартатын 240 мың бас бұқа алуынуы тиіс.

Г.Исаеваның атап өтуінше, ағымдағы жылы «премиум» санатындағы сиыр етін Мәскеуге экспорттау қолға алынған.