Ірі кәсіпорындар көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтиды - Ержан Жылқыбаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі ірі кәсіпорындар мен бизнес қауымдастықтары көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамту үшін 38 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өтіпжатқан Отбасылар форумында сөз алған ҚРЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ержан Жылқыбаевосындай мәлімет айтты.

«Мемлекеттарапынан әлеуметтік көмектің 39 түрі көрсетіледі. Сол үшін жыл сайын 3,3 трлнтеңге, яғни бюджеттің шығыс бөлігінің 27 пайызы бөлінеді. Ана мен баланы қолдаудың әлеуметтік бағытыбірнеше деңгейде жүзеге асып жатыр. Көпбалалы аналарға ақшалай көмектен бөлекжеңілдіктердің түр-түрі қарастырылған. Зейнетақыға ертерек шығу, салықжеңілдіктері, тұрғын үй кезегінде басымдық беру мәселелері қарастылып келеді»,- деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша,аталмыш санат үшін 2025 жылға дейін 40 мың жалдамалы пәтер салынбақ. 56 мыңкөпбалалы отбасының екі пайыздық ипотека бойынша баспана алуға мүмкіндігі бар.

«Министрлікжанынан құрылған жұмыс тобымен бірге «Бақытты бала», «Бақытты ана», «Бақытты отбасы»«Бақытты ел» бағдарламалар кешені әзірленіп, енгізілді. Елдегі ірікәсіпорындармен, бизнес қауымдастықтармен меморандумға отырдық. Соның аясындааталмыш ұйымдар көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтуға атсалысатын болады.Қазірдің өзінде бұл мақсатқа 38 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр»,- дедівице-министр.

Соңғы жаңалықтар