Ірі көлемде қара металл сынықтарын Ресейге алып өтпек болған - ҚР ҰҚК ШҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-ресей шекарасында тәулік ішінде қара металл сынығын алып өтпек болған екі фактінің жолы кесілді.

Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет авто» өткізу пунктінің наряды тәулік ішінде 55 және 43 жастағы Қазақстанның азаматтарын ұстады.

Олар «КамАЗ» көлігімен Қазақстаннан Ресейге бет алған. Тексеру барысында 20 және 25 тонна қара металл сынықтары тәркіленді. Жүкке арналған құжаттары болмады.

Факті бойынша Қарғалы ауданы ІІБ қызметкерлеріне хабарланды.